Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Ата заң насихатталуы тиіс

Ата заң әр азаматтың қастерлейтін құжатына айналуы керек. Ал оның маңызын арттыру үшін Конституция мектептерде, әскери бөлімдерде және мемлекеттік мекемелерде басшылыққа алынуы қажет. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты көтерді.

Үнзила Шапақтың сөзінше, Мемлекет басшысы жариялаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының негізінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру міндеті жатыр. Қазақстанда да соңғы жылдары Конституцияның рөлін күшейту бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылды. Ата заңды ілгерілету жөніндегі жоспар қабылданып, сот тәжірибесінде Конституция нормаларына тікелей сүйену үрдісі қалыптасып келеді.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біріншіден, Конституция күнін мерекелік сипаттағы шаралармен ғана шектемей, құқықтық мәдениет пен конституциялық патриотизмді нығайтатын жалпыхалықтық ағартушылық жобалармен толықтыру қажет. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің кәсіби қызметінде Конституция қағидаттарын басшылыққа алу тәжірибесін одан әрі күшейтіп, бұл бағыттағы оқыту-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет.

← Барлық жаңалықтар