Мазмұнға өту
· 9 қаралым

ChatGPT Қазақстанға салықты кеш төлеген

Жылдам хабар алатын, іздегеніңді табатын ChatGPT салыққа келгенде кешігіп жүр. Елімізде OpenAI компаниясына қарасты жасанды интеллект қосымшасына 2025 жылы 1,8 млрд салық салынған. Алайда, әлемдік алпауыт төлемді тек құзырлы органның ескертуінен кейін жасаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, былтыр Қазақстанға салық төлеуге міндетті 77 компания анықталған. Оның сегізіне салық мекемелері хабарлама жіберіпті. Міне, солардың арасында осы ChatGPT бар. Сондай-ақ, AliExpress сынды интернет-платформа да камералдық бақылаудан кейін еліміздің бюджетіне 600 млн теңге аударған.

← Барлық жаңалықтар