Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Газ құю бекетіндегі апат

Ақтөбенің дәрігерлері газ құю бекетінде болған өртте зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты. 54 жастағы ер адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ес-түсін біледі, бірақ жағдайы ауыр.

РАЙЫМБЕК ШОЙТАСОВ, ДӘРІГЕР-РЕАНИМАТОЛОГ:

Пациент біздің реанимация бөлімшесінде үшінші тәулік. Жағдайы – тұрақты ауыр. Есі анық. Денесінің 45 пайызын күйік шалған, күйік шогына байланысты емін алып жатыр.

Апат жұма күні түнде қаладағы газ құю бекеттерінің бірінің аумағында болған. Жеңіл көлік өртеніп, салонында болған әйел мен кәмелетке толмаған екі бала тірілей жанып кетті. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілген еді. Қазір оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, газ құю бекетінің қожайынын қамауға алды.

← Барлық жаңалықтар