АҚШ пен Иранның ымырасына мұнайдың өзі сенбейтін сияқты. Өйткені Парсы шығанағындағы қақтығыстар тоқтаса да, қара алтынның бағасы түсетін емес. Мәселен, бітімгерлік туралы алғаш айтылған сәтте кешегі мұнай баррелі бірден 3 пайыз төмендеген еді. Бірақ көп ұзамай есін жиып, қайта шарықтап кетті. Айта кету керек, Ақ үй Иранмен 60 күндік уағдаластыққа қол жеткізді. Аймақта тыныштық орнап, жарылыстар сап тыйылды. Сондай-ақ Иранның араласуымен Ливан халқы да тыныш ұйықтайтын болды. Айта кету керек, екі ел арасындағы жағдай әлі де құбылмалы болып тұр. Ал Ормуз бұғазынан алғашқы кемелер өте бастады. Демалыс күндері Иран арқылы 2 млн баррель мұнай тиеген танкер емін-еркін діттеген жеріне жетіпті. Алайда халықаралық қауымдастық жағдайға сенбей, сақтық шараларын қабылдауға мәжбүр.