Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Бектенов Қытайда маңызды кездесу өткізді

Аспан асты еліне жұмыс сапарымен барған Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьерімен кездесті. Екіжақты жиында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын жан-жақты талқылады. Әсіресе, сауда-саттық пен көлік-логистика мәселелеріне басымдық берілді. Үкімет басшысы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жаңа Конституцияда белгіленгендей, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілгеніне тоқталды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазақстан мен Қытайдың өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық жөнінде ұзақ тарихы бар. Қазіргі таңда екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік аясында дамып, алтын отыз жылдық кезеңге қадам басуда. Біздің елдеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы жеке достық байланыстар мемлекетаралық қатынастардың үздік қозғаушы күші болып табылады.

Осы ретте Қытай елінің өкілі Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтты. Сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

← Барлық жаңалықтар