Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Президент Қатар Әміріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты жұбаныш сөзін айтып, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге тілектестік білдірді. Сондай-ақ жексенбідегі жарылыстан жоғалған жандарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіретінін жеткізді. Айта кетейік, Қатарда газ өңдеу нысанын қайта іске қосу кезінде жарылыс болып, салдарынан 13 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған болатын.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар