Жылу энергетикасы тақырыбы қашан да өзекті мәселе. Бас қала маңызды түйткілдерді тарқататын алаңға айналды. Елордада Орталық Азияның белді мамандары жылуға қатысты салмақты ойларын ортаға салуға жиналды. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған форумға көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерден делегаттар арнайы келді. Жиынға шақырылғандардың мүддесі бір. Барлығы қоршаған ортаға зиян келтіретін көмірден тиімді экологиялық отынға ауысуды жөн санайды. Сондай-ақ ауқымды жобаларға ірі инвесторларды тарту тетіктерін қарастырады. Жоспар бойынша форумда 200-ден астам саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар баяндама жасайды екен.
СЕРГЕЙ АГАФОНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін форумда бірнеше сессия өтеді. Шарада маңызды тақырыптар төңірегінде пікір алмасамыз. Пленарлық отырыс барысында мен өзекті мәселеге тоқталғым келеді. Проблема жеткілікті. Мысалы, елімізде екі жылу жүйесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдымен инвесторлар Павлодардағы, бір ай бұрын Петропавлдағы жүйелерден бас тартты. Бұл негізі мақтанатын жаңалық емес.
Қайыркен Отыншы