Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Қазақстан Қытайдан бензин сатып алмақ

Қазақстан енді бензинді Қытайдан сатып алмақ. Елде жанармай тапшылығын туындатпау үшін жауаптылардың жаны қалмай жатыр.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша, қара алтын саудасындағы сенімді серіктесіміз Ресейден сұйық отын жеткізу қиын. Ал аспан асты елінен жанармай әкелу үшін импорттық, кедендік баждарды төмендету туралы шешім қабылданып жатыр екен. Тіпті нөлге дейін түсуі мүмкін. Алайда бекітілген мөлшерлемелер әлемдік мұнай бағасына байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен министрдің орынбасары ішкі нарыққа қанша қажет болса, сонша көлемде ғана мұнай өнімі әкелінетінін жеткізді.

ЖАНЕЛЬ КУШУКОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жақын орналасқан әрі қажет болған жағдайда қамтамасыз ете алатын ел ретінде Қытайды қарастырып отырмыз. Егер белгілі бір кезеңде бізге қажетті көлем жетіспей қалса, өзге елдерден сұйық отын тасымалдауымыз мүмкін. Мәселен, біз авиациялық отынмен өзімізді толық қамтамасыз ете алмаймыз. Кен орындарымыз болғанына қарамастан, авиациялық жанармайды сатып алуға тура келеді. Әзірге бұл тек алдағы бір жылға арналған жоспар.

← Барлық жаңалықтар