Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесіне қатысуда

Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Премьер-министрдің орынбасары Үрімші қаласында өтіп жатқан шараға қатысты. Серік Жұманғарин дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген көрме негізгі халықаралық сауда алаңына айналып үлгергенін жеткізді. Сондай-ақ ол салтанатты жиынның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Қытай еліне алғыс білдірді. Осы ретте Жұманғарин алдағы уақытта көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратынына сенім білдірді.

← Барлық жаңалықтар