Арам атты Армян азаматы еліміздің заңын өзгертуге түрткі болды. Қалай десіз ғой? Елімізге сапарлап келген ол шетелдіктерді тіркеу туралы талапты қисынсыз деп желіге жазба жариялайды. Оған басқа-басқа емес, Президенттің өзі көңіл аударып, заңды түзетуге пәрмен береді. Тілшіміз Олжас Сайлаубекұлы саяхатшыны, ол үшін айыппұл арқалаған хостел қожайынын тауып, тілдескен болатын. Зер салайық.