Мазмұнға өту
· 154 қаралым

Мектебі жоқ ауылдың мұңы

Алматы облысында тұтас бір ауылдың балалары аядай мектептің дәлізінде сабақ оқиды. Өйткені, төрт кабинеттен тұратын ғимаратта орын жоқ. Бастауыш кластың оқушыларына арналған білім ошағында спорт зал, акт залдан бөлек, асхана да жоқ. Бүлдіршіндер қыстың қақаған аязында даладағы дәретханаға баруға мәжбүр. Көмір жағады. Ол аз болса, жоғары сыныптар сегіз шақырым жердегі көрші ауылға қатынап білім алады. Бәрі компьтерленген жүйеде мұғалімдер қалай дәріс беріп жүр?

← Барлық жаңалықтар