Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Кәсіби мерекесінде көңілдері бір тасып қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл алғаш рет өңірлерде еңбек етіп жүрген журналистер баспаналы болды. Сондай игі шараның бірі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын Алматыда өтті. Су жаңа пәтердің кілтін Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров табыстап, қуаныштан көздері бал-бұл жанған жандарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Еңбегі еленгендердің қатарында біздің арнаның операторы Максим Шулепов та бар. Айта кетейік, биыл БАҚ қызметкерлеріне бас-аяғы 66 баспана берілді. Астана мен Алматының әрқайсына 15-тен, ал қалған 18 аймаққа 2 пәтерден бөлінді.

МАКСИМ ШУЛЕПОВ, «ЕУРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫНЫҢ ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ:

Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Кеше маған қоңырау шалып, пәтер кілті табысталатынын айтқанда мүлдем сенбедім. Осындай ерекше сәттің өмірімде болып жатқанына әлі де сенбей тұрмын. Көңілімді қуаныш кернейді. Әлі қобалжып, дауысым дірілдеп тұр. Осы ретте Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін.

← Барлық жаңалықтар