Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Мыңнан астам студентке диплом табысталды

Елордадағы Мақсұт Нәрікбаев университетін бітірген мыңнан астам жас маман диплом алды. Бұл толқын осы оқу орнының 31-ші түлектері. Заң, экономика, дипломатия, журналистика, лингвистика және туризм мамандықтарын меңгерген бакалаврлар мен магистранттар жоғары білім туралы құжаттарын қолдарына алды. Бұлжымас дәстүрге сай олар адалдық, әділдік және патриотизм қағидаттарына берік болуға, сондай-ақ алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға серт берді.

АРМАН ПІРЗАДАЕВ, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылдан жылға біздің түлектеріміз сапасы жағынан жоғары, жылдан жылға біздің білім беру сапамыз көтеріліп келе жатыр. Жылдан жылға жұмыс берушілердің талабы көтеріліп келе жатыр. Сондықтан менің ойымша, біздің түлектеріміз өзінің нарықтағы орнын тауып, еліміз, мемлекетіміз үшін адал қызмет етеді деген сенімдеміз.

← Барлық жаңалықтар