Алматы облысында дүлей дауылдан алып терек құлап, екі көлікті басып қалды. Соның салдарынан бес адам зардап шеккен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасында болған. Мамандар зардап шеккен бес адамды көліктен шығарып, жедел жәрдемге тапсырған. Ауруханаға жеткізілгендердің үшеуі жансақтау бөліміне, біреуі балалар ауруханасына жатқызылыпты. Реанимациядағы бір адамның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.