Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Жалдамалы пәтерлер жаппай тексеріледі

Енді жалдамалы пәтерлерге бақылау күшейеді.

12 шілдеден бастап әкімдіктер мен «Отбасы банк» мамандары мемлекеттен субсидия алып жүрген азаматтар нақты сол баспанада тұрып жатыр ма, жоқ па, соны тексереді.

Осылайша бюджет қаржысын заңсыз алып, майшелпекке батып отырғандарды анықтамақ.

Себебі кейбірі үйді тек қағаз жүзінде жалдап көрсетіп келген.

Бұл тек мемлекет пәтерақының 50 пайызын төлеп беретін әлеуметтік осал санаттарға қатысты.

Дегенмен тексерушілердің ішке рұқсатсыз кіруге құқығы жоқ.

← Барлық жаңалықтар