Елордада жолақы 200 теңгеге көтеру керек. Субсидия берілмегендіктен әбден шығынға баттық деген қала автопарктерінің басшылары осындай ұсыныс жасап отыр. Олардың берешегі қазірдің өзінде 2,7 млрд теңгеге жетіпті. Қоғамдық көлікте қолма-қол төлем жасаса 180 теңге төлейтін астаналықтар бұл бастамаға қалай қарайды?. Жолақының өсетіні рас па? Бұған қатысты құзырлы органдардың өкілдері не дейді?