Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Азық-түлік бағасына жаппай жеңілдіктер басталды

Елімізде азық-түлік бағасы жаппай арзандап жатыр.

Өйткені шілденің бірінен «Береке-Fest» акциясы басталды.

Бұл жолғы жеңілдік Жаңа Халықтық Конституцияның күшіне енуіне орай ұйымдастырылған.

Қазір дүкен сөрелеріндегі тамақтың бағасы 15 пайызға дейін төмендепті.

Тұтас республикаға таралған акцияның мақсаты — халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру дейді жауаптылар.

Сондай-ақ мерекелік кезеңде тиімді сауда жасауға мүмкіндік береді.

Ал нақты қай сауда орындарында жеңілдік барын жергілікті әкімдіктен білуге болады.

САМАТ ЕМБЕРГЕН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Атырау қаласында «Анвар», «Ярмарка» сауда желілерінде «Береке-Fest» акциясының негізінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 15-25 пайыз көлемінде жеңілдік жасалып, өнімдер халыққа қолжетімді бағада сатылуда.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар