Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтіп жатыр.
Жиында Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіру мен экономиканы әртараптандыру бағыттары жан-жақты талқыланады.
Сондай-ақ өзге елдің инвесторларына қолайлы жағдай жасау және нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.
Алыс-жақын шетелден келген 30-ға жуық іскер азамат өзара пікір алмасып, ұтымды ұсыныстарын ортаға салуда.
СҰЛТАНҒАЛИ КЕНЖЕҒҰЛОВ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Біз үшін бүгінгі шара өте маңызды. Себебі осы жерде бүгін Үкіметтің өкілдері мен инвесторлар арасында тікелей, ашық тезистер талқыланады. Министрлерге қандай көмек көрсетеміз, инвесторларда қандай ұсыныстар бар, Қазақстанның инвестициялық климатын нығайту, жақсарту, одан кейін Қазақстанда инвесторларға қатысты қандай проблема бар — осы алаңда инвесторлар бізге ашық айтады.
Жанар Арғын