Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Табиғи газбен қамту деңгейі артпақ

Тезек пен көмір жағып отырғандар азаяды. Үкімет халықты табиғи газбен қамтуға шындап кірісіп жатыр. Энергетика министрлігі қазақстандықтардың 80 пайызын көгілдір отынмен қамту үшін жол картасын әзірлеуге кірісіпті. Бұл шетін мәселені Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерген еді. Енді министрлік тапсырманы шашау шығармай орындау үшін газдандыру жұмысын кезең-кезеңімен жүзеге асырмақ. Ал былтыр 84 жоба іске асырылып, 94 елді мекенге газ тартылыпты. 350 мыңнан астам тұрғын табиғи газдың қызығын көре бастаған. Бір жылда екі мың шақырым газ тарататын желілер салынған. Биыл тағы 36 мыңдай азамат от жағу машақатынан құтылмақ.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар