Мазмұнға өту
· 14 қаралым

4 жаңа су қоймасы салынады

Елімізде су жаңа төрт бірдей су қоймасы салынбақ. Тағы жетеуі қайта жөндеуден өтеді. Тіршілік нәрінің қорын жинап, тасқынға тосқауыл болатын нысандарды тұрғызу кезек күттірмейтін мәселе. Сол себепті Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкінің қаржылай қолдауымен жобаларды біртіндеп жүзеге асырып жатыр. Мәселен, ұзындығы 2 мың 800 шақырымға созылған ирригация каналдарын реконструкциялау үшін 151 жобаны іске асырмақ. Бұдан бөлек, «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы қолға алынбақ.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Министрлік пен Ислам даму банкі арасындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыстарды атқара алдық. Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген барлық міндетті бірлескен күш-жігердің арқасында толық жүзеге асырамыз деп сенемін.

← Барлық жаңалықтар