Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Үкімет инвесторлармен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады

Цифрландыру мен жасанды интеллект дамып тұрған сәтте инвестициялық мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алмауымыз керек. Ол үшін Үкімет пен халықаралық іскер топтардың арасындағы өзара іс-қимылды нығайту маңызды. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте Үкімет басшысы осылай деді. Сондай-ақ жиында Олжас Бектенов жаңа Конституцияның маңыздылығына да тоқталып өтті. Осы тұста президенттік реформалардың жұртшылық тарапынан жаппай қолдауға ие болып жатқанын ерекше атап өтті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт жарғысына айналды. Бүгінде бүкіл құқықтық жүйені қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның аясында экономиканың дәйекті әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

← Барлық жаңалықтар