Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Елімізде несие рәсімдеу талаптары өзгере ме?

Елімізде несие рәсімдеу талаптары өзгермейтін болды. Мұндай шешімді Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесе қабылдапты.Өйткені бұған дейін жүргізілген шаралардың нәтижесінде кепілсіз кредит беру мүмкіндігі едәуір төмендеген. Сондықтан да алдағы уақытта несие алу ережесі қаз-қалпында қалады. Ипотека бойынша да жылдық сыйақының мөлшерлемесі төмендетілмейді.

← Барлық жаңалықтар