Қазақстандықтар балықты бұрынғыдан қарағанда жиі тұтынатын болған.
Статистикаға сүйенсек, соңғы бір жылда нарықтағы сұраныс 13 пайызға дейін өсіпті.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы айтты.
Серік Сермағамбетовтың сөзінше, бүгінде экспорт көлемі 21 мың тоннаны, ал импорт 55 мың тоннаны құраған.
СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ, ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша балық өнімдері нарығының көлемі 106,5 мың тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Осылайша, жан басына шаққандағы орташа балық тұтыну көлемі 4 келіден 7 келіге дейін өсті. Ал ұсынылған норма — жылына 11 келі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері браконьерлерге 55 млн теңге айыппұл салынып, 15 тоннадан астам балық тәркіленіпті.
Бұл осы алты айдағы көрсеткіш.
Қазір заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміз бойынша тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.