Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Сұйытылған газдың бағасы өзгере ме?

Елімізде сұйытылған газдың шекті көтерме құны өзгермейді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ішкі нарық үшін осы баға жыл соңына дейін сақталады. Яғни, қосылған құн салығынсыз автогаздың тоннасы 59 мың 722 теңге болып бекітілді. Ал арнайы бұйрықтың мүлтіксіз орындалуын Газ өнеркәсібі департаменті бақылауда ұстамақ. Ведомство мәліметінше, елімізде отынның бұл түрі тапшы емес.

← Барлық жаңалықтар