Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Асыл тұқымды мал сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі

Асыл тұқымды мал сатып алатын шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Береке» бағдарламасын іске қосты. Жобаның талабы бойынша, сырттан кемі 500 ірі қара, ал ұсақ мал болса, 1000 бас сатып алғысы келетін фермерлерге қаржы беріледі. Кредиттің жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыздан аспайды, ал қарызды 7 жылдың ішінде өтесе болады. Сондай-ақ негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу мерзімі 12 айдан 30 айға дейін кейінге шегеріледі. Бағдарламаның мақсаты – шаруаларды асыл тұқымды малмен қамтамасыз етіп, елдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттыру.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар