Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Енді мысықтарда да жеке куәлік бар

 О заманда, бұ заман! Енді мысықтарда да жеке куәлік бар. Әлеуметтік желіде отандастарымыз ерекше флешмоб бастады. Олар үй жануарына арналған құжаттың үлгісін жасап, бір-бірімен бөлісуде. Мұнда марғаулардың аты-жөні, туған күні, құжаттың берілген уақыты туралы жеке деректер көрсетілген. Әзіл үшін жасалған бұл төлқұжаттың нұсқасы адамға арналған қолданыстағы жеке куәліктен аумайды. Осы тұста Электронды үкімет порталы үй жануарларына шынайы куәлік рәсімдеуге болатынын еске салды. Ол үшін TABAN деректер базасына тіркеліп, қажетті ақпараттарды көрсету керек екен.

← Барлық жаңалықтар