Мазмұнға өту
· 198 қаралым

Еріктілер 82 жастағы зейнеткерге көмектесті

Елордалық еріктілер 82 жастағы кейуанаға көмектесті. Бір топ азамат жалғызбасты зейнеткердің үйінің ауласын қалың қардан аршып, көмірін тасыды. Қария 15 жылдан бері өз күнін өзі көріп келеді екен, ешкімнен көмек сұрамап едім, дейді. Тек соңғы жылдары бойынан әл-қуат кетіп, жанары сыр бере бастағанда еріктілерге жүгініпті.

← Барлық жаңалықтар