Қытайдан шыққан қауіпті індет күллі әлемге тарай бастады. Коронавирустан қаза тапқандар саны бүгінде сәт сайын артып келеді. Соңғы деректер бойынша инфекцияны 570 адам жұқтырып, оның 17-сі қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің кәдімгі тұмаудан айырмашылығы жоқ екен. Тек соңы өлімге апаруы мүмкін. Коронавирустан қалай сақтанамыз? Бізде бұған қарсы вакцина бар ма?