Антисептик іздеген Ақтөбеліктер маска түгілі, ақ дәкенің өзін таппай әуре. Ал, денсаулық сақтау саласының мамандары тәулігіне 4000 дана бетперде шығаратын мекеменің жұмысын екі ауысымға өзгертіп, өндірісті күніне 7000-ға жеткіздік дейді. Сонда ол маскалар қай кетті? Медициналық тауардың тапшылығын құшақтап алып, қойнына тыққан қарапайым халық тудырды ма, әлде, қолы жеткенді қораптап алып, қоймаға тығып қойған алып-сатарлар кінәлі ме?