Карантин тәртібін бұзғандар, блок бекетті айналып өтпек болғандар, індет туралы жалған ақпарат таратқандар… Міне, осындай сарындағы жағымсыз жаңалықтар соңғы аптада көбейіп кетті. Адамдар жалған мәліметті бірінен-бірі көшіріп, бөлісуге асық, «жабық», «карантиндегі аймақ» деп бөгет қойса да заңды бұзуға тым әуес. Неге ресми мәліметтен гөрі ойдан шыққан әңгіме ел арасында тез тарайды? Онымен қалай күресуге болады?