Алматыда 11 мыңнан астам адам жедел телефон желісіне қоңырау шалған. Олардың көбі азық-түлікке зәру екендерін жеткізіпті. Үш аптаға жуық карантинде жатқан тұрғындардың тамағы азайып, қаражаты таусыла бастаған сыңайлы. Қазіргі уақытта түрлі ұйымдар мен әкімдіктің көмегін еріктілер тынбай жеткізуде.