Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

1 жылда 2 млн-ға жуық адам экологиялық акцияларға қатысқан

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар күшейтіліп жатыр. Үкіметте өткен жиында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев негізгі бағыттарды атады. Оның айтуынша, бұл – халыққа ақпарат жеткізу, жастар мен еріктілерді тарту, азаматтық бастамаларды қолдау және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға жағдай жасау. Мәселен, жыл басынан бері табиғатты қорғауға арналған акцияларға 2 миллионға жуық адам қатысқан. Сондай-ақ жастардың ұйытқы болуымен 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылыпты. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау аясында үкіметтік емес ұйымдар 60-қа жуық әлеуметтік жобаны іске асырған. Оның 34-і экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған екен. Ал бүгінде республикалық маңызы бар қалаларда тұрғындардың игі бастамаларын қолдайтын эко-хабтар жұмыс істеп тұр.

← Барлық жаңалықтар