Бүгін, 25 қыркүйек, елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Халқымыздың қабырғасын қайыстырған Маңғыстаудағы қазадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен қаралы күн жарияланды. Кеше Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 14 адам көз жұмған еді. Үшеуін құтқарушылар ажал аузынан арашалап қалды. Қайғылы жағдайдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты. Сондай-ақ Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтап, жақындарына жәрдем беруді тапсырды.