Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Студенттер туберкулезге шалдыққан

Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу институтының студенттері туберкулезбен ауырып жатыр. Әлеуметтік желіде 10 бірдей жастың Кох таяқшасын жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. Алайда оқу орнының әкімшілігі он емес, үш адамнан дерт анықталғанын растады. Бұл жағдайға байланысты карантин жарияланған жоқ. Алайда сырқаттар оқыған топтар оқшауланып, екі аптаға онлайн форматқа ауысты.

Е. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған жағдайлардың өзара байланысы жоқ екені анықталды. Науқастар бір-бірімен байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірден келген, біреуі жергілікті тұрғын.

← Барлық жаңалықтар