Мазмұнға өту
· 130 қаралым

Коммуналдық ақы үшін 15 мың теңге беріледі

42500 теңгенің жай-жапсары белгілі болды. Енді Үкімет карантин кезінде қиындыққа тап болған кейбір санаттағы азаматтарға коммуналдық ақы үшін 15 мың теңгеден беретін болды. Бірінші кезекте бұл қаражаттан Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үмітті. Сондай-ақ тізімге 1-ші, 2-ші және 3-ші топ мүгедектері, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер мен жарымжан баласы бар отбасылар да іліккен. Мұндай көмек екі ай қатарынан тағайындалады екен. Алайда оны алу үшін де, біраз терлеу керек сияқты.

← Барлық жаңалықтар