Елордада танымал әнші тал егіп жүр.
Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өз атындағы байқаудың жеңімпазымен бірге ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруға үлес қосты. Екі жыл сайын өтетін өнер додасында биыл отандасымыз бас жүлдеге ие болып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлапты. Осыған орай қос әнші дәстүр бойынша тал егіп, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты.
Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның халық әртісі:
Тамырын тереңге жайған ағаш биіктей беретін сияқты. Бұл дәстүр де біздің жас өнерпаздарымызға өсіп-өркендеуге жол ашсын.
Үсен Астана