Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Жастар педагогикаға бет бұруда

Педагогика саласына бет бұрған жастардың қатары күн санап артып келеді.

Биыл 12 мыңнан астам түлек осы мамандық бойынша мемлекеттік грантқа ие болған. Оның ішінде 2 мыңнан астамы — «Алтын белгі» иегері екен. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған жиында айтты. Президенттің сөзінше, бұл білім саласына жаңа леп, тың буын келіп жатқанының жақсы нышаны. Жас ұстаздар енді аға буыннан ақыл-кеңес алып, тәжірибе жинап, ысылып шығуы керек, деді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жұмыстарына да тоқталды. Жаңа технология мұғалімнің уақытын үнемдеп, қағазбастылық пен көл-көсір жұмысты азайтуға бағытталғанын тағы бір мәрте еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл қыркүйек айында Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекітті. Қалада немесе шалғай ауылда орналасқанына қарамастан, еліміздегі барлық мектеп озық әдістеме мен цифрлық платформаға қол жеткізеді. Бастама жақсы. Жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар