Қарулы күштерге қарасты барлық әскери бөлімшелерде ауқымды тексеру басталды.
Салаға жауапты су жаңа министр лауазымға кіріскен бойда жауынгерлердің дайындығын өз көзімен көруге аттанды. Айдос Мырзахметов бастаған топ ең алдымен Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімге сау ете қалды. Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, генерал тосыннан тексеру ұйымдастырғанды жөн деп тауыпты. Министр казармалардың жай-күйі мен бөлімдердің инфрақұрылымдық жағдайына ерекше назар аударған көрінеді. Ал аяқ астынан өткізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша сарбаздардың тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.
Қайыркен Отыншы