Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Жылу болмаса әкімнің орынбасары таяқ жейді

Қысқа қамданбағаны үшін әкімнің орынбасары жазаланатын болды. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр жылу маусымына дайын емес аймақты атап, Семейдегі сылбыр жұмыстар үшін Берік Уәлидің орынбасарына шара қолдануды тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады. Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын.

Айта кетейік, қазіргі таңда 11 өңірде жылу беріле бастады. Ал тағы бес облыс осы аптаның соңына дейін қосуды жоспарлап отыр. Барлығы ауа райының құбылуына қарай реттеліп, қажет болса жедел шешімдер қабылданады.

← Барлық жаңалықтар