Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Елордада «құрылыс материалдары» ұшып жүр!

Елорданың сол жағалауында «құрылыс материалдары» ұшып жүр! Иә, тура мағынасында. 30 қабатты ғимараттың төбесінен құлаған ауыр заттар тұрақта тұрған көлікке зақым келтірген. Әлеуметтік желіде тараған видеодан көліктің төбесі мен алдыңғы әйнегінің сынғанын көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиғадан кейін ғимарат қызметкерлері шашылған ағаш бөлшектерін жинап, ізін жасыруға тырысқан. Келген шығынды толық өтеуді талап еткен тұрғын полицияға арыз жазыпты. Қазір оқиғаға қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар