Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Кептелістен қашан құтыламыз?

Кеше Астана мен Алматыда көлік кептелісі болып, тұрғындар біраз қиналды. Іле-шала Олжас Бектенов бүгін Үкімет отырысында осы мәселеге тоқталып, оны шұғыл шешуді тапсырды. Бұл ретте Көлік министрлігі әкімдіктермен күш біріктіріп, тығыз учаскелерде қозғалыс легін реттеудің автоматты жүйесін пилоттық режимде іске қосуы қажет. Премьер-министрдің сөзінше, интеллектуалды басқару әдісі көшедегі жүктемені болжауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беріп, жүргізушілерге қолайлы жағдай туғызады.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ірі қалаларда көлік кептелістері кезінде ғана әрекет етпей, саланы жүйелі басқаруға көшу қажет. Бұл азаматтардың жүріп-тұруына, қалалық ортаның қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсерін тигізеді. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай мерзімде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, онда қозғалыс легін интеллектуалды басқаруды пилоттық режимде іске қоссын. Нәтижесі бойынша ең тиімді шешімдерді кеңінен тарату қажет.

← Барлық жаңалықтар