Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Ырғызға қоқиқаз қонды

Өткенде Маңғыстаудағы Үстіртке бір топ қоқиқаз қонып, құс базарына айналғанын айтқанбыз. Табиғаттың әсем көрінісіне енді Ақтөбе облысындағылар да куә болды. Қызыл кітапқа енген қанаттыларды бұл жолы Ырғыз-Торғай резерватындағылар байқапты. Мамандардың айтуынша, қоқиқаздар Алабұғалы, Шолақ пен Құрдым көлдеріне жиі қонады екен. Әрі жыл сайын тұрақтайтын орнын өзгертіп отыратын көрінеді. Жалпы, табиғи қорғалатын аумақта құстың 250, сүтқоректінің 44 түрі бар.

← Барлық жаңалықтар