Алматыда балабақша бүлдіршіндері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты. Өсімдіктерге күтім жасау тәрбиеленушілердің күнделікті әдетіне айналған. Енді белсенді ата-аналар мектепке дейінгі мекеменің аумағына елуден аса көшет отырғызды. Кішкентайлармен бірлескен жұмыс үш сағатқа созылып, соңында балалар топырақтан үй қалап, әрқайсысы қолына шелек ұстап, тал-көшеттерді өздері суарды.
АҚМАРАЛ АХМЕДОВА, 147 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бүгінгі біз еккен ағаш ертеңгі ұрпаққа сая болады атты акциямен бастама көтеріліп, ауламызда жөке ағаштарының көшеттері отырғызылып жатыр. Акциямыздың негізгі мақсаты — балаларымызға экологиялық бағыт-бағдар беру, тәрбиелеу, болашақ ұрпағымызға жасыл желекті, ағашты көптеп отырғызу.