Келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру болмаса да, қазақстандықтарға бірнеше емдік шара тегін көрсетілуі мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі осындай ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр. Яғни емханаға алғаш жүгінген кезде азаматтарға қан мен зәрдің жалпы талдауы, қан қысымын және денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштерін өлшеу, электрокардиография, қандағы оттегі деңгейін анықтау, флюорография, жекелеген функционалдық зерттеулер, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі сынды қызметтер сақтандырусыз-ақ қолжетімді болады.
Маржан Нүсіпбек