Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Ветеринарлық зертхана жабылды

Төтенше жағдайда табысымыз тұралаған бізге тағы бір қауіп төнуі мүмкін. Алматы облысы Қапал ауылынң шаруалары алаңдап отыр. Онсыз да қиын-қыстау кезеңде малымыз қырылып, масқара боламыз ба деп қорқады. Өйткені тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты төрт ауылға ортақ жалғыз ветеринарлық зертхана жабылып қалды. Енді мал ішінен бір ауру шықса, бәрін баудай түсіруі мүмкін дейді. Қазір алынған қан сынамалары аптасына екі рет 60 шақырым жерге тасылады екен. Бірақ, жұрт оның нәтижесі шыққанша кеш бола ма деп қауіптенеді.

← Барлық жаңалықтар