Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Жолбарыс адамды талап тастады

Жолбарыс 20 жастағы жігітті дүйім жұрттың көзінше талап өлтірді.

Бұл сұмдық оқиға Англияның Донкастер қаласының маңындағы саябақта болған. Ер адам жыртқыштармен суретке түспек болып, қоршаудан өз бетінше асып өткен екен. Сол сәтте түз тағысының бірі оған тап беріп, ауыр жарақаттаған.

Сондағылар жыртқышты үркітіп-қорқытпақ болған, алайда одан түк шықпаған. Осы жағдайдан соң хайуанаттар бағы уақытша жабылды. Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар