Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Тау қателікті кешірмейді

Алматыда биік шыңды бағындырмақ болған екі жас жігіт адасып кетіп, қиын жағдайға тап болды.

Алматы облысы

Құтқарушыларға алғашқы дабыл Қарасай ауданынан түскен. Жиырмаға да толмаған жас жігіт теңіз деңгейінен 3 600 метрден астам биіктікте жалғыз өзі қалған. Ол Үлкен Алматы шыңына шығамын деп, қайтар жолды таппай адасып кетіпті. Мамандар қараңғы түнде тау ішінен оны аман-есен тауып, экологиялық бекетке жеткізді.

Дәл осындай тағы бір жағдай Медеу ауданында болды. Он сегіздегі бозбала Құмбел шыңына бара жатқан жолда бағытынан жаңылысып, көмек сұраған. Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мамандары жас жігітті дер кезінде тауып, төменге қауіпсіз алып түсті.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар