Мазмұнға өту
· 197 қаралым

Леңгір қаласын су шайып кете жаздады

Түркістан облысында тағы бір шаһар су астында қала жаздады. Толассыз жауған жауын Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласын шайып кетуге сәл-ақ қалды. Табиғаттың тосын құбылысы түс қайта басталған. Тау басынан құлай аққан ағын суға нөсер жауын қосылып, Леңгір өзені арнасынан тасыды. Салдарынан Көкжиек, Өркен және Сәкен Сейфуллин көшелеріндегі 31 үйдің ауласы мен қора-жайларды су басты. Осындағы газ құбыры зақымдалып, 83 абонент көгілдір отынсыз қалды.

← Барлық жаңалықтар