Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Қаржы пирамидасы: 25 пәтер мен бірнеше көлік сатып алған

Алматыда тұтыну кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді. Құйтырқы схеманы жолға қойғандар жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алатын бағдарламамыз бар, соған қаржы құйсаңдар қарық боласыңдар деп сендіріпті. Ол үшін үлестік жарна жинақтау шарттары жасалып, тұрғындардан ақша жинаған. Ал жаңадан қосылған салымшылардың ақшасы кооперативтің бұрынғы мүшелеріне берешекті өтеу үшін жұмсалып отырған. Сөйтіп, екі жеп биге шыққан басшы елдің ақшасына 25 пәтер мен бірнеше автокөлік сатып алыпты. Ал оңай олжаға кенелгісі келген 275 адам 200 миллион теңгеден астам қаржысынан қағылған. Басты күдікті қамалып, оған тиесілі мүліктер мен есепшоттар бұғатталған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Бұл ұйымдар «R.O.I.» тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған. Олар жеке сот орындаушылары бұғаттаған негізгі кооператив шоттарын айналып өтіп, түскен ақшаны басқа шоттарға бағыттау үшін пайдаланылған.

← Барлық жаңалықтар