Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Қоқысты өңдеуге 122 миллиард теңге бөлінді

Елімізде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу саласына утильалымнан 122 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды.

«Жасыл даму» компаниясы 34 бастаманы қаржыландырып, соның 15-ін іске қосты. Ресми мәліметке сүйенсек, аталған жобалар қалдықты жинап-тасудан бастап, оны кәдеге жаратуға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Қазір аймақтарда жаңа желілер ашылып, тозығы жеткен зауыттар жаңартылуда. Инвестицияның басым бөлігі пластик құтылар мен ескі шиналарды қайта өңдеуге арналған. Енді бұл қалдықтар полигондарда шірімей, дайын шикізатқа айналады.

Соның нәтижесінде жаңадан ашылған орталықтар жылына 290 мың тонна қоқысты өңдеуге қауқарлы болып отыр. Өндірісті кеңейту мақсатында жалпы саны 67 жоба мақұлданды.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар